Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік бөлшектерін ұрлаған атыраулық 2 жылға сотталды

Автокөлік бөлшектерін ұрлаған атыраулық екі жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының тұрғыны түн ішінде көршісінің ауласында тұрған автокөліктен қосалқы бөлшектер ұрлаған. Қылмыстық әрекетін өзінің такси қызметінде жүрген танысы арқылы жүзеге асырмақ болды. Оған қоңырау шалып, көршісінің үйіне барып, бір зат алып келейік деп шақыртады.

Сөйтіп, екеуі аулаға кіріп, күдікті адам өзіне құнды заттар іздеп, тінти бастайды. Ол ауладағы автокөліктің жүргізуші жақ есігін ашып, бір дана “JCB” магнитоласын, екі дана “Электроника” аккумуляторларын ұрлап, оқиға орнынан ізін жасырған. Барлығы материалдық шығын құны 55 мың теңге.

Полиция қызметкерлерімен күдіктінің бұрын сотты болғандығы анықталды. Сот үкімімен 32 жастағы ер адамға қатысты ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілерге мәжбүрлі төлем өндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру