Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көлік жүргізушісі мас күйінде рульге отырып, қоршауға соқтығысты

Ақтөбе облысында көлік жүргізушісі мас күйінде рульге отырып, қоршауға соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтарда сағат 17:00 шамасында ВАЗ-21099 автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі Шұбаршы кенті жағынан Кеңқияқ елді мекеніне қарай жолда рульді басқара алмай, қозғалыс барысында жолдың оң жақ бөлігіндегі қоршауды соққан.

Тексеру барысында көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші көлікті «жеңіл» дәрежедегі мас күйінде жүргізгені анықталды.

ҚР ҚК 346-бабы, 2-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын басқаруға жіберу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру