Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғанға әкелінген донердің ішінен есірткі табылды

Қызылорда облысында сотталғанға әкелінген донердің ішінен есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Е. есімді сотталғанға жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі заты анықталды.

Мекеме қызметкерлері сотталғанға келген сәлем-сауқатты тексеру барысында үш донердің арасына салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тектес заты тәркіленді.

Жедел түрде “102” нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 31,18 граммды құрайтын “кептірілген марихуана” екені дәлелденді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру