Ақтөбе облысында көші-қон қызметі 43 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрін көрсетті
Үш айда Ақтөбе облысы ПД көші-қон қызметі 43 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрін көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция жұмысындағы басты басымдықтардың бірі – мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету. Жыл басынан бері олардың саны 43 мыңнан асты.
Жалпы, Ақтөбе облысында 6 423 шетелдік азамат тұрады, оның ішінде 4 225 шетелдік уақытша тұруға рұқсат алған, бұдан басқа шетелдік азаматтарға жұмысқа 981 патент берілді.
Тұрғылықты жері бойынша ішкі көші-қонды бақылауды қамтамасыз ету барысында 12 900-ден астам азамат тіркелді, жеке куәліктер мен паспорттарды рәсімдеуге 20 655 өтініш қаралды. Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл мемлекеттік қызметтің ең сұранысқа ие түрі.
Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 195 шетелдік азамат жауапқа тартылды, 28-і елден шығарылды. Сонымен қатар, 3 айда облыс аумағында шетелдік азаматтарға қатысты 9 қылмыс жасалды.