Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мас адам көлік ұрлап, ЖКО жасады

Қарғалы ауданының 21 жастағы тұрғыны мас күйінде көлік ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Оқиға осы жылдың 3 қазанында орын алған, 19 жастағы жәбірленушінің айтуынша, ол көлікті жеке моншаның жанына қойған. Моншадан шыққаннан кейін ол көліктің қозғалтқышын іске қосып, 5 минутқа кетіп қалған уақытта  көлік ұрланған.

Полиция көлікті бірнеше қашықтықтағы жерден тапты. Күдіктінің көлікті ұрлағаннан кейін Opel Frontera автокөлігімен жол-көлік оқиғасын жасағаны, кейін ол оқиға орнынан қашып кеткені анықталды.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында күдіктіні ұстады, ол Бадамша ауылының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіт мас күйінде көлік ұрлағанын мойындады. Алкогольді мас күйде автокөлікті басқарғаны үшін кінәлі 20 тәулікке қамауға алынды.

Ұрлау фактісі ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік полиция бөлімінің аумағына тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру