Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентау полицейлерімен заңсыз ойынхананың жолы кесілді

Кентау полицейлерімен заңсыз ойынхананың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында заңсыз ойынхана бизнесін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары Кентау қаласы көшелерінің бірінен жұмыс жасап тұрған заңсыз ойынхана бизнесін тапты. Полицейлер аталмыш ғимараттан 17 процессор, 20 монитор, 5 телевизор мен өзге де техникаларды тәркіледі. Бүгінде полицейлер осы орынды жалға берушіні анықтап, сол арқылы күдіктіні айқындауға бағытталған жұмыстарды жүргізуде.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру