Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытаулық полицейлер қысқы киім үлгісіне көшті

Ұлытаулық полицейлер қысқы киім үлгісіне көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысының Полиция департаменті жеке құрамының қатысуымен қысқы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Искаков жеке құрамның қысқы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамының нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын ескертті.

Тексеру барысында Н.Искаков қызметкерлердің жеке куәлігін, жеке нөмірлі жетондар мен төс белгілерін талаптарға сай болуын қадағалады. Сондай-ақ патрульдік полицияның қызметтік автокөліктерінің дайындығын тексерілді. Жоспарлы саптық байқаулар жылына екі рет өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру