Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полицейлері көлігі сынған жолаушыларға көмек көрсетті

Ұлытау облысының полицейлері көлігі сынған жолаушыларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы Қаражал қаласының полиция қызметкерлері көлігі сынған жолаушыларға көмек көрсетті.

6 қарашада Қаражал қаласының полиция қызметкерлері қала сыртында істен шыққан көлікті сүйреп, үйіне дейін жеткізді.

Қаражал қаласы ПБ ЖПҚБ ППТ-ның инспекторлары Әлібек Төлепбеков және Сағынай Көкиев күнделікті патрульдеу жұмысы кезінде жолда тоқтап тұрған көлікті байқаған.

Мән-жайды анықтаған полиция қызметкерлері жолаушылардың көлігін сүйреп, үйіне жетуге көмек көрсетті. Тәртіп сақшыларының әрекетіне жолаушылар ризашылығын білдіріп, әлеуметтік желіде алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру