Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңаарқада жол қауіпсіздігіне байланысты жиын өтті

Жаңаарқада жол қауіпсіздігіне байланысты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының 23-і күні Жаңаарқа ауданына Ұлытау облысы Полиция департаменті бастығының м.а. Қайыркен Әлиев арнайы іс-сапарымен барып, аудан әкімдігінде жиын өткізді. Аудан басшысы Юржан Бекқожин төрағалық еткен жиынға аудандық мекеме басшылары, сот және прокуратура, ветеринария саласының мамандары мен шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Жиынның басты мақсаты – аймақтағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі.

Қайыркен Жетпісбайұлы аймақтағы үй жануарларының қа­тысуымен болған жол-көлік оқиғалары жылдан-жылға көбейгені жайлы айтып өтіп, шаруа қожалықтарының иелеріне төрт аяқтылардың автомобиль жолдарына шығуы салдарынан болатын жол көлік-оқиғаларының алдын алу үшін төрт түлік жануарға түнгі мезгілде жарық шағылыстырғыш тағу, екіншісі күндізгі уақытта жол бойында жануарларын жаюға байланысты тұрғындар арасынан ерікті түрде бақташы бөлуді ұйымдастыруға шақырды.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы, яғни ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, үй малын ұстау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру