Ақтөбе облысында мас күйде көлік басқарған ауыл тұрғыны анықталды
Ақтөбе облысында мас күйде көлік басқарған ауыл тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
9 қазанда Хромтау ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде Хромтау ауданының Ақжар ауылында ЖҚЕ бұзғаны үшін Lada Largus көлігін тоқтатты. Автокөлікті 66 жастағы жергілікті тұрғын басқарған.
Тексеру кезінде жүргізушіден алкоголь иісі байқалды. Жүргізілген сараптама нәтижесі жүргізушінің ішімдік пайдаланғанын растады. Сондай-ақ ауыл тұрғыны бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Хромтау полиция бөлімінің уақытша үстау изоляторына қамалды.