Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен полицейлері жоғалған 15 жастағы жасөспірімді тапты 

Өскемен полицейлері жоғалған 15 жастағы жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласының Полиция басқармасы полицейлерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында 10 қазанда үйден достарымен серуендеуге шыққан, бірақ қайтадан үйіне оралмаған 15 жастағы жасөспірім табылды.

Сол күні “102” жедел каналына 52 жастағы ер адамнан қоңырау келіп түсті, ол жасөспірім ұлын іздеуге көмек сұрады. Ер адамның айтуынша, оның 2007 жылы туған ұлы мектептен келген соң достарымен серуендеп келуді сұраған, бірақ ол қайтып үйіне оралмаған. Ер адам өз бетінше ұлын табуға тырысқан, бірақ нәтиже бермеді. Содан кейін мазасыз әке полициядан көмек сұрауға шешім қабылдаған.

Кәмелетке толмағанның орналасқан жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.

Іздестіруге Өскемен қаласы ПБ, БПП, Ертіс ОП қатарынан 102 қызметкер жұмылдырылды.
Красин кентінің көшелері, оның ішінде қараусыз қалған жеке үйлер, қараусыз қалған ғимараттар, жертөлелер, шатырлар, сондай-ақ скверлер, саябақтар, жастар жиналатын орындар, дәмханалар мен түнгі мекемелер қаралды. Аумақтарды тінту жаяу және қызметтік автокөліктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Туыстарынан, достарынан, сыныптастарынан жауап алынды.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы Өскемен қаласы ПБ КПБ қызметкерлері Шмелев Лог ауданындағы гараждардың жанынан тапты. Кәмелетке толмаған бала достарымен сағат 18.00 шамасында кездескеннен кейін гараждарға барып, таңертеңге дейін сол жерде болғанын айтты. Ата-аналар ұрсады деп қорқып, үйге оралуға батылы бармаған. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Үйге аман-есен жеткізілді, – деп түсіндірді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Табылған жас жігіттің ата-анасы құқық қорғау органдарына және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін үлкен алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру