Ақтөбе облысында мас күйде жасалған қылмыстар саны 2,6%-ға төмендеді
Ақтөбе облысында мас күйде жасалған қылмыстар саны 2,6%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері спирттік ішімдіктерді ішкені және мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1886-сы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды, алкоголизмнен зардап шегетін 102 адам мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне жіберілді.
21 жасқа толмаған және түнгі уақытта адамдарға алкоголь өнімдерін сатудың 100 фактісінің жолы кесілді.
Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 14 қылмыс тіркелген.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларының бірі қорғау нұсқамаларын шығару және құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
Мәселен, мамыр айында учаскелік полиция инспекторлары 2194 қорғау нұсқамасын шығарды, соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 595 ерекше талап қойды, оның ішінде 463 құқық бұзушыға қатысты алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды.
– Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін) 2,4 есе көп адам (327-ден 772-ге дейін) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 104 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді ЖПҚБ бастығының орынбасары Амантұрлы Такешев.