Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолда бұзақылыққа ұласқан жанжал: күдікті ұсталды

Алматыда жолда бұзақылыққа ұласқан жанжал орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түрксіб ауданында жолда екі ер адам арасында ауызша қақтығыс орын алды, нәтижесінде қатысушылардың бірі бұрыш газымен жабдықталған сигналдық тапаншаны қолданды.

– Бекмаханов – Спасская көшелерінің қиылысында BMW көлігінің жүргізушісі мен “Хюндай” автокөлігінің жолаушысы арасында ауызша қақтығыс болды. Жанжал кезінде BMW жүргізушісі тапаншаны алып, қарсыласына оқ атты. Патроны бұрыш газымен толтырылған болса да, оқ атушының әрекетінен бұзақылық байқалды. Ату, бүрку – өзін-өзі қорғау немесе әкімшілік құқық бұзушылық ретінде болады дегенді білдірмейді. Осы істің мысалында азаматтар ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы – атыс қаруын, газ қаруын, пышақты кастет және басқа да қаруды немесе денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа заттарды қолданумен немесе қолдануға тырысумен жасалған бұзақылыққа сәйкес мұндай әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға болатындығын білуі және есте ұстауы керек, – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мақсат Қанапьяев.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды және ұсталды. Бұл – 1993 жылы туған Б.есімді азамат. Сигналдық тапанша тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру