Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мас жүргізуші жасаған жол апатынан жолаушы көз жұмды

Ақтөбе облысында мас жүргізуші жол апатын жасап, салдарынан жолаушы қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуір күні таңертең Темір ауданының тұрғыны «Лада-Ларгус» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Кеңқияқ кентінің жанындағы облыстық маңызы бар «Покровка-Жаңажол» автожолының 89 шақырымында рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы бойынша оң жақтағы ойыққа аударылып кеткен.

ЖКО салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жолаушы алған жарақатынан келесі күні медициналық мекемеде қайтыс болды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші көлік құралын «орташа» дәрежедегі мас күйінде басқарған.

ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жүргізуші УҰИ қамауға алынды.

– Апта сайын мас жүргізушілер мен басқа да жүргізушілерді анықтау бойынша түнгі рейдтер өткізіледі. Әдеттегідей, демалыс және мереке күндері патрульдік полиция күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жол апатына кінәлі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жыл басынан бері облыста мас күйінде жүргізушілермен екі ЖКО тіркелген және облыс жолдарында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 37 жүргізуші ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру