Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында «Мотоцикл»жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

«Мотоцикл»жедел алдын алу іс-шарасы барысында ақтөбелік полицейлер мотоцикл қатысуымен 200-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5-8 тамыз аралығында облыста «Мотоцикл» Республикалық жедел алдын алу шарасы өткізілді.
Өткізілген акция қорытындысы бойынша патрульдік полиция саптық бөлімшелерінің қызметкерлері мотокөліктің қатысуымен ҚР ЖҚЕ 206 бұзушылығының, оның ішінде үш мас күйінде басқару фактісінің жолын кесті. 40-қа жуық мотоцикл тұраққа қойылған. Сондай-ақ түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін бес мотокөлік жүргізушісі тартылды.

Полиция қызметкерлері жолдың жүру бөлігіне шыққан кезде жол қозғалысының толыққанды қатысушысы болып, зардап шегуі мүмкін кәмелетке толмаған балаларға мотоцикл сатып алу қаупі туралы ескертеді.

– Кейбір ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына көлік сатып алады, олардың техникалық сипаттамалары иелерін осы көлік құралын уәкілетті органда тіркеуге міндеттейді, ал оны басқаруға тиісті санатты жүргізуге құқығы бар адам ғана құқылы. Көлік жүргізу дағдылары бар, жүргізуші мектептерде оқымаған балалар жолдың жүру бөлігіне шығады және қатты зардап шегуі мүмкін. Мотоцикл – бұл пассивті қорғаныс құралдары жоқ көлік құралы екенін есте ұстаған жөн, бұл ретте ол жоғары жылдамдықты сипаттамаларға ие, осыған байланысты мотокөлікті басқару жоғары қатермен ұштасады, – дейді жергілікті полиция қызметінің бастығы Ардана Саймағамбетов.

Сол себептен, Ақтөбе облысының Полиция департаменті мотоцикл жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, қауіпті маневрлерден аулақ болуға шақырады және мотоциклді басқарар кезде шлемді кию қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру