Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте компьютерлік клуб келушілерді қабылдап, жұмыс істеген

Шымкентте карантин кезінде тұрғындарды қабылдап, карантин режимін бұзған компьютерлік клуб анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторларымен карантиндік режимнің сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізілді.

Нәтижесінде Шымкент қаласы Бәйдібек би көшесі бойында орналасқан “The Square” компьютерлік клубы азаматтарды қабылдап жұмыс істеп жатқаны анықталды.

Тексеру барысында ойынхана ішінде 40-қа жуық келуші болғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары ойынхана әкімшісінен түсініктеме алып, осы бойынша Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармақшасы “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу” бойынша әкімшілік жауапқа тарту мақсатында жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына процесуалды шешім қабылдау үшін жолданды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Абдигаппаров Нурсултан :

    Осы биздин полиция кызметкерлери оте керемет жумыс аткарып жатыр, солардын аркаларында тунимиз тыныш жане болып жаткан кылмыстар азаюда! Так держать! Молодцы!!!

Жауап қалдыру