Ақтөбе облысында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Ақтөбе облысында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 маусымда Redа-150 мотоциклінің 44 жастағы жүргізушісі Жарық кентінен Қандыағаш қаласына қарай жолмен жүріп келе жатып, жол жиегінде тұрған 54 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші мотоциклді «жеңіл дәрежеде» мас күйде басқарған. Сондай-ақ, ер адамның бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы тағы да ескертеді. Ешқандай жағдайда рөлге алкогольдік мас күйде отыруға болмайды.