Ақтөбе облысында полицияға 148 жасөспірім жеткізілді
Ақтөбе облысында полицияға 148 жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Іс-шара 11-14 ақпан аралығында өтті.
Осы күндері полиция бөлімдеріне 148 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін сыртта жүрген 138 жасөспірім бар.
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 13 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ювеналды полиция инспекторлары 24 жасөспірім мен 19 қолайсыз отбасын есепке алды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға 28 материал жолданды.
Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер кәмелетке толмаған баладан бір пышақ тәркіледі.