Ақтөбе облысында "Қарасор-2021" іс-шарасы өтуде
Ақтөбе облысында "Қарасор-2021" іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті Ақтөбе облысы тұрғындарына 2021 жылғы 1 маусым мен 30 қазан аралығында республика аумағында "Қарасора-2021" жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді.
Жедел алдын алу іс-шараларының негізгі мақсаттары - есірткіні заңсыз өсірудің, транзиттеудің жолын кесу, есірткіні таратуға мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтарды жою, құрамында есірткі бар өсімдіктердің дақылдарын жою, есірткінің заңсыз айналымына, марихуананы елдің оңтүстік аймақтарынан дайындауға, жинауға және әкетуге қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру, сондай-ақ Ресей Федерациясының шекаралас аудандарымен республика аумағы арқылы есірткі контрабандасының арналарын жабу, есірткіге қарсы саладағы ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Жүргізілген жедел алдын алу іс-шаралары кезеңінде 70 есірткі құқық бұзушылығы, 18 есірткі қылмысы, өткізу мақсатындағы 11 факті анықталды, тәркіленген және заңсыз айналымына жіберілмеген есірткінің салмағы 235 келіден асады.
Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралу арналарын анықтау жөніндегі, сондай-ақ есірткі заттары таралатын интернет сайттар мен QR-кодтарды анықтау және бұғаттау жөніндегі жұмыс жандандырылды. Мониторинг барысында есірткі тұтынуды және құрамында есірткі бар препараттарды таратуды насихаттайтын интернет-ресурстардың жұмысы анықталуда және жолы кесілді.
- Синтетикалық есірткіге қарсы күрестегі басты қиындық-оларды тарату үшін жоғары технологиялық әдістер қолданылады. Сатушы қашықтан әрекет етеді, жабық электронды арналар арқылы байланыс орнатады. Интернет желісінің мониторингі нәтижесінде есірткі және психотроптық заттарды тарату мен жарнамадан тұратын 31 сайт анықталды, - деді ПД ЕҚІҚБ бөлімінің бастығы Асхат Асқаров.