Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мылтық пен патрон тасымалдаған ауыл тұрғыны ұсталды

Павлодар облысында мылтық пен патрон тасымалдаған ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының жолдарындағы жол қауіпсіздігін Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүзеге асырады.
– Тек бір тәулік ішінде 143 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті, оның ішінде 45 жүргізуші жылдамдық режимін асырып айдаған, ал 19 жүргізуші көлік құралын техникалық жарамсыз күйде, 3 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарды. Мысалы, сағат 03.10-да “Павлодар-Шарбақты” автожолының 8 км-де жүргізушісі мас күйінде болған Audi 80 автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жолданды, автокөлік айып тұрағына қамалды,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы командирінің міндетін атқарушы Әділет Мерғазин.
Полиция рейд барысында сағат 08.45 шамасында Жаңа қала ауылының маңында, “Омбы-Майқапшағай” автожолының 358 шақырымында рота инспекторы Абай Тыныбаев ГАЗ 3110 автокөлігін тоқтатқанын атап өтті. Құжаттарды тексеру кезінде 52 жастағы жүргізуші өзін күдікті ұстады. Автокөлік салонында жүргізуші орындығының астында “ТОЗ” мылтығы мен 16 калибрлі 17 патрон тасымалдағаны анықталды. Тиісті құжаттар болған жоқ. Мылтықты қандай мақсатпен алып жүретінін және оның қайдан шыққанын жүргізуші түсіндіре алмады. Деректер базасында мылтық басқа адамға тиесілі. Мылтық пен патрондар тәркіленді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар полицейлері қару мен оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін 480 азамат жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру