Ақтөбе облысында ҚАЖД басшылығы сала ардагерлерінің үйіне барды
Ақтөбе облысында ҚАЖД басшылығы сала ардагерлерінің үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов, Қылмыстық-атқару жүйесі саласының дамуына үлес қосқан тыл еңбеккерлері: түзеу мекемелерінде қызмет еткен сала ардагерлерін жаңа 2023 жылмен құттықтап, үйлеріне барды. Сала ардагерлерін құттықтаушылар қатарында ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов, департаменттің және №9 мекемесінің кадр саясаты тобының қызметкерлері де болды.
ҚАЖ қызметкерлерінің құрметіне ие болған тыл еңбеккерлерінің қатарында: Анатолий Потапов, Александра Батракова, Александра Фролова және Евдокия Робу бар.
– Қылмыстық-атқару жүйесі саласының дамуында сіздердің алар орындарыңыз айрықша. Сонымен қатар осы қызметте жүрген әріптестеріңіз сіздерден үлгі алады, – деген департамент бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов сала ардагерлеріне амандық, денсаулық тіледі.
Сонымен қатар ҚАЖ қызметкерлері тыл еңбеккерлеріне бірінші кезекте тұтынылатын азық-түлік себеттерін жеткізіп берді.
Кездесу барысында тыл ардагерлері өздерінің еңбек жолдары жайында сыр шертіп, ҚАЖ қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдірді.