Ақтөбе облысында қонақ болып келген адам үй иесінің банк картасын ұрлап кеткен
Ақтөбе облысында қонақ болып келген адам үй иесінің банк картасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Ембі қаласының тұрғыны үй ішінен банк картасының ұрланғаны туралы арызданды. Оның айтуынша, үйіне келген қонақ кеткеннен кейін ол қалтасынан банк картасы бар әмиянын таппаған.
Полиция жәбірленушінің 32 жастағы танысын анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Күдікті дүкендерден жалпы сомасы 176 мың теңгеден астам қаражатқа азық-түлік сатып алып, ұрланған картамен есептескен.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.