Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда тонау қылмысына қатысы бар күдіктілер ұсталды

Алматыда тонау қылмысына қатысы бар күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленуші қылмыс туралы полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, кешкісін үйіне қайтып келе жатқан кезде Алтынсарин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында белгісіз екі жігіт оны ұрып, оның қолынан IPhone телефонын тартып алған. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрады. Күдіктілер қамауға алынды.

– Полицияға жеткізілген күдіктілер – 2002 жылы туғандар. Жауап алып, беттестіргеннен кейін жігіттер өз кінәларын мойындады. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілердің қаланың басқа аудандарында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Тергеу барысында күдіктілердің екі тонауға қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық істің басқа да мәліметтері ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормасына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру