Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері арасында шағын футболдан чемпионат өтіп жатыр

Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері арасында шағын футболдан өтіп жатқан чемпионаттың екінші кезеңі басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 1 қазан, 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2016-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен жылы Қазақстан полициясына 30 жыл толуына орай полиция департаменті аппаратының басқарма, дербес бөлімдерінің арасында “Департамент бастығының кубогіне” арналған шағын футболдың чемпионаты ашылып, 12 команда бақ сынасқан болатын.

Чемпионаттың бірінші кезеңі өз мәресіне жетіп, нәтижесінде бірінші орынды ПД оқу-жаттығу ротасы командасы, екінші орынды ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командасы, үшінші орынды ПД айдауыл қызмет ротасы командасы иеленді.

Сондай-ақ үздіктердің үздігі деп танылған қатысушылар “Үздік ойыншы”, “Үздік шабуылшы”, “Үздік қорғаушы” және “Үздік қақпашы” атақтарымен марапатталды.

Марапаттау рәсімі 2023 жылдың 11 наурызы күні “Динамо” дене-шынықтыру және спорт кешенінде өткізілді. Салтанатты рәсімде жарыстың екінші кезеңіне қатысушы 16 команда сап түзеді.

Ашылу салтанаты өткен күні арнайы жасақталған кесте бойынша екінші кезеңде алғашқы командалар ойындарын бастап кетті. Бұл кезең биылғы жылғы Полиция күні мерекесі қарсаңында қорытындыланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру