Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пойызда алкогольдік ішімдік ішіп, темекі шеккен жолаушы жауапқа тартылды

Көлік полицейлері жолаушыға пойызда темекі шеккені және алкогольдік ішімдік ішкені үшін айыппұл салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе станциясына Орал – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы келгеннен кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамды акт бойынша түсіріп алды. Тексеру барысында көлік полицейлері Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Ол масаң күйінде вагонның тамбурында темекі шегіп, пойыз бригадасынын ескертулеріне құлақ аспаған.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) және 441-бабы (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша екі әкімшілік материал толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. 

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 10650 құқық бұзушыны жауапқа тартты. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 1161 адам, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 388 адам жазаланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру