Ақтөбе облысында құбыр ұрлаған күдіктілер ұсталды
Ақтөбе облысында құбыр ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 ақпанда Мұғалжар ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Жаңажол кентінің бір мұнай ұйымында жұмыс істейтін 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada-21214 көлігін тоқтатты, оның жанында көлікте әріптесі болды.
Көліктің салонын тексеру кезінде жер үсті құбырына арналған жабдық (муфталар, үшайырлар, құбыр тіреулері және құбырлар) табылды. Ер адамдар аумақтың бейнебақылау камераларымен жабдықталмағанын біліп, қоймадан ұрлық жасағандарын айтты.
ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, ұсталғандардың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.