Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Профилактикалық бақылау” іс-шарасы: Шымкентте ІІО есебінде тұрған мыңнан астам адам мекенжайы бойынша тексерілді

Шымкентте ІІО есебінде тұрған мыңнан астам адам мекенжайы бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте 7 ақпаннан басталған “Профилактикалық бақылау” жедел-профилактикалық іс-шара барысында ішкі істер органы есебінде тұрған 1028 адам мекенжайы бойынша тексерілді.

Шара аясында ІІО есебінде тұрған 23 тұлға құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабы бойынша (Әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы бұзу) – екі азамат, ҚР ҚК-нің 431-бабын (Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға сот белгілеген әкімшілік қадағалаудан жалтару) бір тұлға, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабын (Қорғау нұсқамасын бұзу) – 8 адам, сотпен қойылған ерекше талаптарды бұзған – 8 тұлға, шарты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғаның сотпен қойылған шектеулерді бұзған – үш жайты, әкімшілік қадағалауға түсетін тұлғаның оған қатысты қойылған міндеттерді бұзудың – бір жайты анықталды.

Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарында есепте тұрған бұрын сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріп, бұл азаматтармен қылмыс пен түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру