Ақтөбе облысында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде
Ақтөбе облысында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша проблемалық мәселелерді зерделеу, қызмет көрсетілетін учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту үшін әкімшілік учаске тұрғындарын барынша қамтуға бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.
Іс-шара 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Учаскелік полиция инспекторлары операция кезінде өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде халықпен танысу, сондай-ақ әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін аулалық және пәтерлік аралау бойынша жүргізеді.
Сондай-ақ жалға берілетін пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, тұрмысы нашар отбасылар, қоғамға жат іс-әрекеттер мен қадағалаусыз қалу фактілерінің жолын кесу үшін жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындары, сондай-ақ азаматтық қару иелері мен шетелдіктер тексеріледі.
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіндегі жағдай бойынша облыс бойынша «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында салық органдарында тіркеусіз тұрғын үйді жалға берудің 65-ке жуық фактісі анықталды, барлық фактілер бойынша ақпарат осы тұрғын үй иелеріне әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін салық органдарына жіберілетін болады.
ІІО есебіне 120-дан астам, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 555 адам қойылды.
Барлығы 1139-дан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде келгені үшін – 165, ұсақ бұзақылық үшін – 66, Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру қағидаларын бұзғаны үшін – 277 адам.
Сонымен қатар, полиция саяжай массивтерін, құрылыс нысандарын, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған, шатыр және жертөле үй-жайларын тексереді.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық өкілдерімен проблемалық мәселелерді зерделеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізетін болады.