Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында учаскелік инспектор тұрғынның 17 жылқысын табуға көмектесті

Ақтөбе облысында учаскелік инспектор тұрғынның 17 жылқысын табуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ырғыз ауданына қарасты ауылдардың бірінің 52 жастағы тұрғынының еркін жайылымнан 17 жылқысы жоғалған. Мал иесі алдымен жоғалған жылқыларын өзі іздеп таппақ болып, біраз уақыт бойы өз күшімен іздеген. Алайда оң нәтиже болмағаннан кейін 18 желтоқсанда ауылдық учаскелік полиция инспекторына хабарлаған.

Учаскелік инспектор қылмыстық іс тіркеп, бірден жоғалған үй жануарларын іздеу жұмыстарына кіріскен. Полицейдің басшылығымен және ұйымдастыруымен іздеу жұмыстарына мал иесінің өзі, бейжай қарамайтын ауыл тұрғындары да қатысқан.

Қолайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, үздіксіз жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде бір аптадан кейін ауыл тұрғының жоғалған малдары Шалқар ауданының аумағындағы Лаққырылған аймағында еркін жайылып жүрген жерінен табылды. Учаскелік инспектор малдың иесімен бірге жылқыларды ауылға айдап әкелді.

Қылмыс құрамы болмауына байланысты, қылмыстық іс қысқартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру