Ақтөбе облысында ұсақ бұзақылықтың 218 дерегі тіркелді
Ақтөбе облысында ұсақ бұзақылықтың 218 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 16 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың ерекше өкіміне дейін Ақтөбе облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтарының саны артып, жұмысы күшейтілді.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжай алаптарын тексеріп жатыр.
Іс-шараны өткізу кезеңінде полиция бөлімінің қызметкерлері бес атыс қаруын тауып, тәркіледі, оның ішінде төрт қару заңсыз айналымнан алынды (төрт тегіс ұңғылы қару және бір травматикалық қару). Оқ-дәрілерді табу мен алудың үш фактісі (барлығы 10 оқ-дәрі, тегіс ұңғылы қару, төрт травматикалық қару оқ-дәрісі алынды). Сонымен қатар, 29 пышақ тәркіленді.
Ұсақ бұзақылықтың 218 дерегі, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 223 және ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 285 фактісі анықталды.