Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ұсақ бұзақылықтың 218 дерегі тіркелді

Ақтөбе облысында ұсақ бұзақылықтың 218 дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 16 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың ерекше өкіміне дейін Ақтөбе облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды “ізін суытпай” ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтарының саны артып, жұмысы күшейтілді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжай алаптарын тексеріп жатыр.

Іс-шараны өткізу кезеңінде полиция бөлімінің қызметкерлері бес атыс қаруын тауып, тәркіледі, оның ішінде төрт қару заңсыз айналымнан алынды (төрт тегіс ұңғылы қару және бір травматикалық қару). Оқ-дәрілерді табу мен алудың үш фактісі (барлығы 10 оқ-дәрі, тегіс ұңғылы қару, төрт травматикалық қару оқ-дәрісі алынды). Сонымен қатар, 29 пышақ тәркіленді.

Ұсақ бұзақылықтың 218 дерегі, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 223 және ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 285 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру