Ақтөбе облысында үш күн ішінде 27 мас жүргізуші анықталды
Ағымдағы жылдың 22-24 желтоқсан аралығында республика аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты-жедел жағдайды жақсарту, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу.
Облыс бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының үш күнінде 61 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте 44 қылмыс ашылды. Бесеуі іздеуде жүрген адамдар ұсталды. Бұрын жасалған 24 қылмыс ашылды.
Тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру және сақтаудың 130 фактісі анықталды:
– Есірткі заттарын алып жүрудің төрт фактісі;
– Атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрудің сегіз фактісі;
– Суық қаруды (пышақтарды) алып жүрудің 118 фактісі.
«Нөлдік төзімділік» тәртібінде 1774 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер – 50, ұсақ бұзақылық – 203, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 232, УБжДО – 103, қабылдау–тарату орнына 19 адам орналастырылды.
851 – жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері анықталып, оның ішінде 27-і мас күйінде автокөлікті басқарған, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру бойынша – 189, қарсы жолаққа шығу фактісі – 15, жаяу жүргіншілерге жол жүруде артықшылық бермеу – 154, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережесін бұзу фактісі – 263.