Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарауылкелді ауылының тұрғынынан 40 дана киік мүйізі тәркіленді

Полиция қызметкерлері “Киік” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының тұрғынынан 40 дана киік мүйізі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы күдікті ҚР ҚПК 128-бабының тәртібімен УҰИ-ға қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аталған санкция бойынша үш жылдан бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілеп, сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру