Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында заңсыз қару сақтаған екі тұрғын анықталды

Ақтөбе облысында заңсыз қару сақтаған екі тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында Алға ауданының 37 жастағы тұрғынының өз үйінде атыс қаруын заңсыз сақтайтынын анықтады. Аталған азаматқа тиесілі шаруа қожалығына тінту жүргізу барысында тұрғын үйдің қасындағы контейнерден заңсыз сақталған 12 калибрлі 2 бірлік тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді.

Дәл осы күні полиция қызметкерлері үйінде заңсыз қару сақтау дерегі бойынша Алға ауданы Ерназар ауылының тұрғынының мекенжайына санкцияланбаған тінту жүргізу барысында 36 жастағы азамат өз еркімен полиция қызметкерлеріне заңсыз сақталған 12 калибрлі тегіс ұңғылы бесатар мылтық пен 12 калибрлі 10 оқ-дәрі, қорғасын оқтары бар пневматикалық тапанша тапсырды. Сонымен қатар тінту барысында асүй бөлмесінен бір киік мүйізі табылды.

Аталған екі дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру