Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер ірі көлемде есірткі өсірудің жолын кесті

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ірі көлемде есірткі өсірудің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел ақпаратты іске асыру барысында Жамбыл ауданы тұрғынының үйінде полицейлер жалпы салмағы 3 келі 520 грамм өсіруге тыйым салынған 41 дана егілген өсімдік тапты.

Ұсталған адам Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Жамбыл облысына әлеуметтік желі арқылы танысқан әйел үшін көшіп келгендігі белгілі болды. Оның айтуынша, қарасораны өскен соң кептіріп, өзі тұтыну үшін тұқымын еккен.

– Бұрын есірткі сатқаны үшін сотталған күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен (Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу, өсіру немесе қарасора, көкнәр, құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Күдіктіге қатысты 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары жүргізіледі, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектейді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру