Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қорғау” Шымкентте: 1619 қауіпті жүргізуші куәлігінен айырылды

Жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды анықтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін ІІМ “Қорғау” жүйесін іске қосқан болатын. Ол өткен жылы алғаш рет Шымкент қаласында өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Жасанды интеллект нақты уақыт режимінде:

– жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген;

– техникалық тексеруден өтпеген;

– сақтандыру полисінсіз;

– іздеудегі және айыппұлдары төленбеген;

– бірнеше рет ереже бұзған автокөліктерді анықтайды.

Полиция қызметкері “Қорғау” жүйесінің көмегімен “қауіпті жүргізуші” туралы ақпаратты алып, қайғылы оқиғаның алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.

Жүйе іске қосылғалы бір жыл ішінде мегаполисте 97 жалған мемлекеттік нөмір анықталды, 1 619 адам жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды, 7 944 құқық бұзушының көлігі айыппұл тұрағына қамалды және 114 мемлекеттік нөмір тәркіленді.

Мысалы, жыл басынан бері жергілікті тұрғындардың бірі жол ережесін 69 рет бұзған. Оның төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі 2,5 млн теңгені құрады. Қазір бұл жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағында.

Жалпы Шымкентте жол-көлік оқиғалары 16%-ға, жарақат алғандар 23%-ға төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру