Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ЖКО-ның алдын алуда

Ақтөбе облысында ЖКО-ның алдын алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында жыл басынан бері үй жануарларының жолға шығып кетуі салдарынан 30 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, бұл оқиғалар салдарынан 3 адам қаза тауып, 56 адам түрлі дене жарақатын алған. Үй жануарларының қатысуымен болған ЖКО-лардың басым бөлігі түнгі уақытта орын алады.

Себебі көп жағдайда қараңғыда қарсы бағыттан келе жатқан жүргізушілер алыс жарық шамын дер кезінде өшірмей, жарықтан көздің шағылысуы салдарынан жол үстіне шыққан үй жануарын байқамай қалады.

Әкімшілік полиция басқармасы бастығы Еркін Өтегенің айтуынша, үй жануарларының жолға шығуы — ең алдымен жануар иесіне және көлік иесіне айтарлықтай материалдық шығын әкеледі. Сол себепті мал иелеріне жануарлардың мойнына жарық қайтаратын элементтер тағу ұсынылады. Бұл олардың қараңғыда көрінуін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі.

Жүргізушілерге елді мекендерге жақын жерлерде, әсіресе түнгі уақытта және көріну шектелген жағдайда жылдамдықты сақтап, жолда барынша мұқият болу қажеттігі ескертіледі. Жолға кенеттен шыққан бір ғана жануар ауыр зардаптарға, адам өліміне, жарақаттарға және мүліктік шығынға себеп болуы мүмкін.

Полиция көлік жүргізушілеріне қала сыртындағы тас жолдарда көлік құралын басқару кезінде белгіленген жалдамдық режимін сақтап, әсіресе елді - мекен тұсынан өткен кезде барынша сақтық шараларын қолға алуды ескертеміз. Жол қауіпсіздігі-баршамызға ортақ жауапкершілік!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру