Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан жолаушы әйел көз жұмды
Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан жолаушы әйел көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz
12 қарашада ВАЗ-2110 автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Шұбарқұдық – Ойыл автожолында жүріп келе жатып, автокөлік рөлін басқара алмай, көлікті аударып алған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы 51 жастағы әйел алған жарақаттарынан жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болды. Екінші жолаушысы 29 жастағы әйел Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерін Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.