Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан жолаушы көз жұмды
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көліктің жолаушысы қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz
1 қарашада Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі Қарауылкелді ауылынан Ақтөбе қаласына қарай келе жатып, Байғанин ауданы Кенжалы ауылының жанындағы Ақтөбе – Астрахань автожолында жол жиегінде тұрған DAF XF95430 жүк көлігіне соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды, ал 56 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік құралдарының жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.