Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан екі әйел ауруханаға түсті

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан екі әйел ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 16 қарашада түнгі уақытта «Мазда-3» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі жол және метеорологиялық жағдайларды ескермей, Жанқожа батыр көшесі бойымен жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

ЖКО нәтижесінде екі жаяу жүргінші, 31 және 50 жастағы әйел адам Ақтөбе қаласының  медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған дерек  негізінде ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жол-көлік жарақаттарының алдын алу үшін жаяу жүргіншілер жолды кесіп өткен кезде келесі ережелерді білуі және сақтауы керек:

– жол жиегіне тоқтаңыз;

– жан-жағыңызға қарап өтіңіз;

– жолды кесіп өтпес бұрын, жолда машиналар немесе басқа көлік құралдары жоқ екеніне көз жеткізіңіз;

– жолдан өтер кезде жүгірмеңіз;

– жолды белгіленген орындарда ғана кесіп өтіңіз;

– кішкентай баланы қолынан ұстап, өткізіңіз;

– балалардың жолдың жанында доппен ойнауына болмайды;

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру