Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер ауа райының нашарлауы туралы ескертеді

Ақтөбелік полицейлер ауа райының нашарлауы туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қазгидромет” РМК деректеріне сәйкес, 17 қарашада Ақтөбе облысының аумағында ауа райының нашарлауы байқалады. Бұл желдің күшею және қар аралас жауын-шашынның болуы жолдың жүру бөлігінде мұз қатуға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, жол қозғалысының қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының Полиция департаменті жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыруды және жылдамдық режимін шамадан тыс асырмауды, қозғалыс қарқындылығын, көлік құралының жағдайын, жол және метрологиялық жағдайларды, оның ішінде қозғалыс бағытындағы ескертулерді назарға алуды сұрайды.

Жаяу жүргіншілер өткелдерінен өткен кезде абай болыңыз, жол ережелерін қатаң сақтаңыз. Жолға шығар алдында көлік құралының техникалық жағдайын тексеріп, ара қашықтықты және жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ, қолайсыз ауа райы кезеңінде алыс сапарлардан аулақ болу, елді мекендерден тыс жерлерге шықпау қажет, ауа райы жағдайлары туралы СМС хабарламаларға назар аудару ұсынылады. Көлік құралдары бұзылған жағдайда “102” мобильдік қосымшасы бойынша немесе ІІО кезекші бөлімдеріне жүгіну қажет.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерден жолдың жүру бөлігін тек жаяу жүргіншілер өткелі, оның ішінде жер асты және жер үсті өткелдері бойынша, ал олар болмаған жағдайда-тротуарлар немесе жол жиектері желісі бойынша қиылыстарда кесіп өтуді сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру