Ақтөбе облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 30 қазанында сағат 19: 30-да Байғанин ауданының Ноғайты ауылынан бес шақырым жердегі «Ақтөбе-Атырау» автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, зардап шеккендер болды.
Анықталғандай, «Mitsubishi Lancer» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы бағытында 308 шақырым жерде «Ақтөбе-Атырау» автожолында жүріп келе жатып, басып озу кезінде бұл маневр келе жатқан көлік құралдарына қарсы бағытта кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей «Volkswagen Passat» автокөлігімен соқтығысуға жол берген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі мен «Mitsubishi» және «Volkswagen» автокөліктерінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал «Volkswagen Passat» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол апаттарының ең көп таралған себептерінің бірі-жол қозғалысы ережелерін сақтамау екенін еске салады, жүргізушілерге жолда өте мұқият және абай болуды ескертеді.