Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда ер адам көлік жөндеу орталығынан Opel Astra автомобилін ұрлап кетті

Тараздық полицейлер көлік ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы полиция бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, 25 қазан сағат 16:30 шамасында белгісіз біреу Таразда орналасқан Техникалық жөндеу орталықтардың бірінен өзіне тиесілі Opel Astra автокөлігін белгісіз бағытқа айдап әкеткенін көрсеткен. Келтірілген материалдық шығын – 600 000 теңге.

Шара қолдану барысында криминалдық полиция қызметкерлері “Автоураган” жүйесінің көмегімен 43 жастағы Жамбыл облысы Қаратау қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-тармағымен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) жүргізілуде.

Бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлщерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру