Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында “Жолдағы қабылдау” акциясы өткізілуде

Ақтөбе облысында “Жолдағы қабылдау” акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жаз мезгілі – демалыс уақыты. Жылдың осы уақытында көптеген адам отбасыларымен демалуға, қонаққа, туған-туыстарына қыдырып барады. Сонымен қатар, саяхатшылардың негізгі көлік түрі – автокөлік. Әдетте, демалыс маусымында дәстүрлі түрде қалааралық және аймақаралық қатынастардағы көлік құралдарының легі артады, бұл дегеніміз жол-көлік оқиғасының да саны артады деген сөз.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында осы жылдың 21 шілдесінен бастап Ақтөбе облысының автожолдарында «Жолдағы қабылдау» акциясы өткізілуде.

ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Алиев осы акцияны Әйтеке би ауданында өткізіп, жүргізушіге жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді.

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тас жолында көлік апаттары жиі орын алады. Әрбір жүргізуші өзі үшін ғана емес, әр жолаушы үшін де жауапты екенін сезінуі керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру