Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Елордада жол қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол жүрісі қауіпсіздігі айлығы шеңберінде полицейлермен өткізілетін барлық іс-шаралар жол-көлік оқиғаларын азайтуға, жолдағы қауіпсіздікті арттыруға және автожолдардағы жарақаттану проблемаларын шешуге бағытталады.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жүргізушілердің тәртіпсіздігі. Соның салдарынан қарама-қарсы жүріс жолағына шығу, қозғалыс жылдамдығын арттыру, маневр жасау қағидаларын бұзу, сонымен қатар көлікті шаршаңқы күйде басқару деген сияқты құқық бұзушылықтар орын алады.

Елордада жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының саны 24,5%-ға, зардап шеккендер саны 29,3%-ға артқан. Қабылданған шаралар жолдардағы өлім-жітім көрсеткішін 41,7%-ға төмендетті.

Қала жолдарындағы өлім-жітім, жазатайым оқиғалар мен көлік кептелісін азайту мақсатында бірқатар нақты шаралар атқарылуда. Жол-көлік оқиғаларының себептерін және жол-көлік оқиғасы орын алған жерлерде қалыптасқан қозғалыс жағдайын зерделей отырып, 67 учаскеде бағдаршамдардың жұмыс режимдерін өзгерту бойынша шаралар қабылданды. 22 қиылыста «тыныштандыру» режимі енгізілді, яғни қызыл сигнал барлық бағыттар үшін бір уақытта алты секундқа дейін қосылады.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері мемлекеттік жалған нөмірлерді пайдаланып, көлік жүргізу құқығынан айырылған көлік жүргізушілерін, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қарызы бар тұлғаларды жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру