Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан полицейлері қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшті

Әлемдік діндер көшбасшыларының Съезін өткізу кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Eлорда жолдарындағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін тиісті қамтамасыз ету, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі кезеңінде құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында елордалық полицияның жеке құрамы 13 қыркүйектен бастап күшейтілген қызмет түріне ауыстырылды.

Қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген қонақтардың келуіне байланысты қоғамдық орындарда, көшелерде, сондай-ақ мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды.

“Ағымдағы жылдың 13-15 қыркүйек аралығында съезді өткізу аясында Рим Папасының келуі күтілуде. Делегация экскорт мотоциклшілермен бірге жүретіндіктен, ресми қорғалатын колоннаның өту кезеңінде қозғалыс 3-5 минутқа шектеледі. Негізінен, бұл Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел және Қонаев даңғылдары”, – деді қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

14 қыркүйек күні өтетін “мессаға” қатысушылардың еріктілерімен және алып жүрушілермен бірге жүріп-тұруы үшін арнайы автобустар ұйымдастырылды. Сонымен қатар елордаға мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді. Делегация экскорт мотоциклдеріне ілесіп жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындардан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру