Ақтөбе облысында жүк көлігінің мас жүргізушісі ЖКО жасады
Ақтөбе облысында жүк көлігінің мас жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz
17 қазанда DAF жүк көлігінің 52 жастағы жүргізушісі, Шымкент қаласының тұрғыны Самара – Шымкент автожолының 868-шақырымында рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалыс барысында сол жаққа аударылуына жол берген.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік жүргізушісі Хромтау ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші «орта дәрежелі» мас күйінде болған.
Жыл басынан бері облыс жолдарында мас жүргізушілердің кінәсінен 11 апат тіркелді, онда екі адам қаза тауып, 16 адам түрлі жарақат алды.