Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы шымкенттік студенттерге практикалық сабақ өткізді

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы шымкенттік студенттерге практикалық сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласына арнайы іссапармен келген ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов М.Әуезов атындағы ОҚМУ 3-4-курс студенттеріне практикалық сабақ өткізді. Сабаққа Тергеу, Анықтау және Жедел-криминалистика басқармаларының басшылары мен аталған жоғарғы оқу орнындағы “Жас заңгерлер” атты клубының мүшелері қатысты.

Тәжірибе алмасу сағаты ерекше форматта, яғни Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел-криминалистика басқармасының оқиға орнын қарауға арналған оқу-жаттығу полигонында ұйымдастырылды. Онда әдетте теориялық тұрғыда оқып келген дәрістерін көзбен көріп, сауаттарын арттырып, Санжар Әскенұлына салаға қатысты сауалдарын жолдады.

Өз кезегінде полиция қызметкері тергеудегі тың деректер және айғақ заттарды қолданудағы ұтымдылықтар мен қылмыстарды ашудың тәсілдері туралы кеңінен айтты.

– Тергеуші оқиға орнын қарау барысында қылмысқа қатысты әрбір заттың сипаттамасын жазып алып, хаттама түзеді. Оқиға болған жерді қараудың негізгі мақсаты – дәлелдемелерді тауып, сол арқылы ақпараттарды алу, оларды жинау, – дейді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы С.Әскенұлы.

Айта кетейік, бұл кездесу ҚР ІІМ Ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласында ынтымақтастық туралы меморандумның “Дуальды оқыту” аясында ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру