Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицей қыз Азия чемпионы атанды

Шымкенттік полицей Қымбат Ахмет Азия чемпионы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазан мен 2 қараша аралығында Тәжікстан мемлекетінің астанасы Душанбе қаласында аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты өткізілуде.

Жарыста Азияның 22 мемлекетінен келген 500-ге жуық спортшы өзара бақ сынасуда. Оның ішінде, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Бахрейн сияқты елдердің мықтылары бар. Ал Қазақстанның намысын қорғауға үздік 37 спортшы барған.

Әртүрлі салмақта сайысқа түскен спортшылардың арасында Шымкент қаласы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Қымбат Ахмет бар. Ол 47 келі салмақта 3 споршымен бәсекелесті. Ақтық сында өзінің отандасымен қарсыласып, шын мықты екенін дәлелдеді. Нәтижесінде аралас жекпе-жек спортынан Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Полицей ару бұған дейін бірнеше рет әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ самбо күресінен ҚР спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және джиу-джитсудан әлем чемпионы атағын жеңіп алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру