Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда мопед ұрлаған күдікті ұсталды

Алматыда мопед үптеген күдікті ұсталды. Ол тұрмыс жағдайын жақсарту үшін ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өзбекстанның 20 жастағы тумасы бес рет мопед ұрлаған. Оның үстіне бірге тұратын әйел оның сыбайласы болған.

– 20 жастағы Х.есімді азамат өзінің құрбысымен жаздың басында келгені анықталды. Ақшалары таусылған соң олар көшеде түнеген. Күн суыта бастағаннан кейін баспананы жалға алуға қаражат қажет болды. Жігіттің ойына бөтеннің мүлкін ұрлаудан басқа ештеңе келмеді. Әзірге үш мопедтің қайда екендігі анықталды. Төртіншісін жедел уәкілдер Шымкент қаласынан тапты. Қазіргі уақытта тергеушілер күдіктілердің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізілуде, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру